/KASE, 08.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бағалы қағаздар нарығын
қадағалау жөніндегі Еуропалық басқарма (European Securities and Markets
Authority, ESMA) сауда-саттықтан кейінгі ақпараттың ашықтығы туралы
талаптарды қанағаттандыратын сауда алаңдарының тізіміне енгізілген.
Бұл мәртебені KASE MiFID II/MiFIR (Markets in Financial Instruments Directive
/Markets in Financial instruments Regulation) талаптарына сәйкес сауда-
саттықтан кейінгі ашықтықты сақтау жөніндегі еуропалық стандарттарға
сәйкес келетін үшінші елдердің сауда-саттық алаңы деп таниды.
Қаржы нарықтарын реттеу қағидалары бойынша ESMA-ға оң баға алу
KASE-де мәмілелер жасасатын Еуропалық инвестициялық компаниялар
MiFIR-ге сәйкес осындай мәмілелер бойынша міндетті есептіліктен
босатылатынын білдіреді.
Осы оқиғаға арналған баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-ресурсында
жарияланды:
-
https://kase.kz/files/press/kz/08_10_2024_KASE_ESMA_kaz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/08_10_2024_KASE_ESMA_rus.pdf – орыс
тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/en/08_10_2024_KASE_ESMA_eng.pdf –
ағылшын тілінде.
[2024-10-08]