09 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00012185 (LZGRb8) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

08.10.24 15:57
/KASE, 08.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 қазанынан бастап "Лизинг Групп" АҚ"(Алматы) KZ2C00012185 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты; LZGRb8; $1 000, $5,0 млн; 07.10.24-07.10.25; жылдық купон; жылдық 9,99%; 30/360). облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/LZGRb8/ [2024-10-08]