"ОнлайнҚазҚаржы МҚҰ" АҚ өзінің KZ2C00010122 (MFOKb15)
облигацияларының өтелгені туралы хабарлады
08.10.24 10:41
/KASE, 08.10.24/ – "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) Қазақстан қор
биржасына (KASE) 2024 жылдың 04 қазанында өзінің KZ2C00010122
(MFOKb15) облигацияларын өтегені жөнінде хабарлады, оның шеңберінде
аталған облигациялар бойынша соңғы – 12-ші купондық сыйақы төленді.
Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің
жалпы сомасы 2 176 058 060 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш
(облигациялардың жиынтық номиналды құны)– 2 138 632 000 теңге, 12-ші
купондық сыйақы - 37 426 060 теңге.
[2024-10-08]