"Интергаз Орталық Азия" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

08.10.24 10:07
/KASE, 08.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Интергаз Орталық Азия" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 274 986 387 дана, артықшылықты акциялар саны – 41 522 720 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға АҚ "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" болып табылады. [2024-10-08]