08 қазаннан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС облигацияларының үш шығарылымы баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

08.10.24 09:44
/KASE, 08.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 04 қазанында "Сейф- Ломбард" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларының баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2P00012313 (MFSLb4; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 1,5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360); - KZ2P00012339 (MFSLb5; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2,5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360); - KZ2P00012362 (MFSLb6; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 3 жыл; құбылмадлы токсандық купон, бірінші купондық кезеңге жылдық 21,00 %; 30/360). Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 08 қазанынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/MFSL/ [2024-10-08]