07 қазаннан бастап "Интергаз Орталық Азия" АҚ облигацияларының үш шығарылымы "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізілді

07.10.24 18:06
/KASE, 07.10.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 04 қазанында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00012326 (INCApp2; 1 000 теңге, 14 850 000 000 теңге, 3 жыл; тоқсандық купон, облигациялар орналастырылған күні анықталады; 30/360); - KZ2C00012342 (INCApp3; 1 000 теңге, 6 405 240 000 теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 9,25 %; 30/360); - KZ2C00012359 (INCApp4; 1 000 теңге, 5 594 760 000 теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 9,25 %; 30/360). Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 07 қазанынан бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/INCA/ [2024-10-07]