/KASE, 07.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
08 қазанында KASE сауда-саттық жүйесінде Жетісу облыс органының
KZMJ00002046 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, JTK022_204; 1 000
теңге, 3 259 523 000 теңге; 22 ай; жартыжылдық купон, жылдық 0,35%;
30/360) облигацияларының 3 259 523 данасын орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау Астана қ.уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін,
есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ден бастап
жүзеге асырылады.
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда)
көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері - 1 облигация.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген
шектеулі өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау
уақыты бойынша.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім
бере алады.
https://kase.kz/ru/membership
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы
ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері
мына сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf
Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағида
мына сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/ru/gsecs/show/JTK022_204/
[2024-10-07]