08 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00011542 (IDFRb7) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

07.10.24 15:18
/KASE, 07.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 08 қазанынан бастап "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана) KZ2C00011542 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, IDFRb7; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 9 жыл 5 ай; бірінші купон – айналым басталған күннен бастап 1 жылдан кейін, бұдан әрі – жарты жылдық купон, жылдық 13,15%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "лас" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/IDFRb7/ [2024-10-07]