/KASE, 07.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды:
2024 жылдың 09 қазанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Алтын Сапа
ALM" ЖШС (Алматы) KZ2P00009962 (KASE баламалы алаңы,
"облигациялар" санаты, ALSPb1) облигацияларын кері сатып алу бойынша
төменде берілген шарттарда (Астана қ. уақытымен) арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізілед.
----------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2P00009962
KASE сауда-саттық коды: ALSPb1
Номиналды құны, теңге: 1 000
Шығарылым көлемі, теңге:
– тіркелген: 6 000 000 000
– орналастырылған: 6 000 000 000
Айналыстың басталу күні: 05.09.23
Айналыста болудың соңғы күні: 04.09.26
Өтеудің басталу күні: 05.09.26
Айналымда болу мерзімі: 3 жыл (1 080 күн)
Купон мөлшерлемесі: жылдық 25,00 %
Купонды төлеу кезеңділігі: жылына 2 рет
Купонды төлеу кезеңділігі: 05 наурызда және 05 қыркүйекте
екте 30 / 360
------------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні: 09.10.24
Кері сатып алудың жарияланған көлемі,теңге: 6 000 000
Лот мөлшері, дана: 1
Сауда-саттық мәні: "таза" баға
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–11:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–11:00
Кесім уақыты: 11:30 (Т+0)
Төлеу күні және уақыты: 09.10.24, 11:30
Өтінімдерді кесу әдісі: кесімдеу бағасына тең
немесе одан жоғары өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру
тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау
кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Teniz Capital Investment
Banking" АҚ
----------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде теңгемен үтірден кейінгі екінші белгіге дейінгі
дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза емес" бағасы (жинақталған
сыйақыны ескере отырып) көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс.
Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және
бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере
отырып) теңгемен үтірден кейінгі екінші таңбаға дейінгі дәлдікпен
көрсетілген туындысы көрсетілуі тиіс.
Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен
жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес
есептеледі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf
Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның
қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем
уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/kz/membership
Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/KFUSb68/
[2024-10-07]