KASE Листингілік комиссиясы "Интергаз Орталық Азия" АҚ облигацияларының үш шығарылымын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

04.10.24 17:30
/KASE, 04.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 04 қазанында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00012326 (1 000 теңге, 14 850 000 000 теңге, 3 жыл; тоқсандық купон, облигациялар орналастырылған күні анықталады, 30/360), сауда- саттық коды – INCApp2; - KZ2C00012342 (1 000 теңге, 6 405 240 000 теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 9,25 %; 30/360), сауда-саттық коды – INCApp3; - KZ2C00012359 (1 000 теңге, 5 594 760 000 теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 9,25 %; 30/360), сауда-саттық коды – INCApp4. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-10-04]