/KASE, 04.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің
2024 жылдың 27 қыркүйегіндегі шешімімен 2024 жылдың 01 қарашасынан бастап
қолданысқа енгізілетін "Бағалы қағаздардың нарықтық бағаларын есептеу
әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына № 1 (өзгертулер) өзгертулер
бекітілді.
Өзгертулер халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және теңгемен
деноминацияланған индекстелмеген облигацияларды (бұдан әрі – МҚҰ БҚ)
нарықтық бағалауды жүзеге асыру үшін қосымша критерий енгізу мақсатында
енгізілді, атап айтқанда:
- эмитенті S&P Global Ratings рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы
бойынша "А" және одан жоғары рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік
агенттіктердің халықаралық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингтік
бағасы бар МҚҰ БҚ бойынша нарықтық бағалар мемлекеттік бағалы қағаздардың
кірістілігі бойынша анықталсын (Мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілік
функциясын анықтау әдістемесіне сәйкес нарықтық бағаны есептеу сәтінде
анықталған (IFI SPREADres) коэффициентін ескере отырып, МҚҰ БҚ сияқты
өтеуге дейінгі мерзіммен);
- эмитенті S&P Global Ratings рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы
бойынша "А"-дан төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің
халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар
МҚҰ БҚ бойынша нарықтық бағалар Мемлекеттік емес бағалы қағаздардың нарықтық
бағаларын есептеудің әдістемесінде белгіленген тәртібіне сәйкес анықталсын.
Әдістеменің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша
жарияланады
https://kase.kz/ru/kase_rules/">
https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Әдістемелер" қалташасы).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын
анықтау әдістемесі KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/ru/kase_rules/">
https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Әдістемелер" қалташасы).
[2024-10-04]