"Лизинг Групп" АҚ-тың 5 000 KZ2C00012185 (LZGRb8) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қазан айының 04-нен 07-не ауыстырылды

04.10.24 11:00
/KASE, 04.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: KASE сауда- саттық жүйесінде "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) KZ2C00012185 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, LZGRb8) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық 2024 жылдың 04-нен 07-не ауыстырылды. Төменде арнайы мамандандырылған сауда-саттықты өткізу шарттары келтірілген (Астана қ. уақыты). ---------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00012185 KASE сауда-саттық коды: LZGRb8 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: – тіркелген: 5 000 000 – орналастырылған: – Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу күні Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады Айналымда болу мерзімі: 360 күн Купон мөлшерлемесі: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады Купонды төлеу кезеңділігі: кейінірек анықталады екте 30 / 360 ------------------------------------------ --------------------------------- Сауда-саттық күні: 07.10.24 Орналастырудың жарияланған көлемі,теңге: 5 000 000 Лот мөлшері, дана: 1 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 12:00–15:00 Өтінімдерді растау уақыты: 12:00–15:30 Кесім уақыты: 16:00 (Т+0) Төлеу күні және уақыты: 07.10.24, 16:00 Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе одан жоғары өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты кесімдеу бағасына тең немесе шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру сатушы үшін неғұрлым тиімді болып тәсілі: табылатын, шектелімді қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ ---------------------------------------------------------------------------- Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/membership Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/KFUSb68/ [2024-10-04]