2024 жылдың қыркүйегіндегі KASE акциялар нарығына шолу
02.10.24 16:28
/KASE, 02.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
қыркүйегінде акциялар нарығына шолу жасайды.
Қыркүйек айында акциялармен сауда-саттық көлемі 10,8 млрд теңгені
құрап, тамызға қатысты 19,0%-ға немесе 1,7 млрд теңгеге ұлғайды.
Қыркүйек айында биржалық сауда-саттық тек қайталама нарықта өтті.
Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 515,7 млн теңгені, мәмілелердің
орташа тәуліктік саны – 6 144 мәмілені, бір мәміленің орташа көлемі –
83,9 мың теңгені құрады.
KASE Индексінің мәні қыркүйек айында 2,5%-ға төмендеп, айдың соңына
қарай 5 171,79 тармақты құрады.
----------------------------------------------------------------
Көлемі,
млрд теңге
Δ, % -------- -----
30 қыркүйек 29 тамыз Δ, % c 01.01.24 қыркүйек тамыз
------------ ----------- -------- ---- ---------- -------- -----
KASE Индексі 5 171,79 5 304,09 -2,5 +23,5 9,40 7,79
----------------------------------------------------------------
Қыркүйек айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 9,4 млрд
теңгені құрады, бұл тамыз айындағы көрсеткіштен 1,6 млрд теңгеге
жоғары. Сауда-саттықтың ең көп көлемі "ҚазТрансОйл" АҚ-ның жай
акцияларына – 1,9 млрд теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың
жалпы көлемінің 19,7%) тиесілі болды.
--------------------------------------------------------------------
Соңғы мәміленің бағасы, Сауда-саттық көлемі,
бір акцияға теңгемен Δ, % млн теңге
---------------------------- ---------- -----------------------
30 сқыркүйек 29 тамыз Δ, % с 01.01.24 қыркүйек тамыз Δ, %
---- ------------ --------- ----- ---------- -------- ------- ------
AIRA 841,00 822,00 +2,3 -29,3 831,3 1 000,2 -16,9
KEGC 1 505,00 1 480,00 +1,7 +1,6 1 534,1 332,4 +361,5
HSBK 209,59 210,98 -0,7 +28,1 1 436,2 1 482,3 -3,1
KZAP 18 234,97 18 394,00 -0,9 -1,2 817,3 982,1 -16,8
KCEL 3 198,50 3 232,00 -1,0 +63,6 202,9 566,6 -64,2
KZTO 815,12 827,00 -1,4 -5,8 1 853,0 873,5 +112,1
KMGZ 13 899,00 14 138,00 -1,7 +20,4 543,7 907,9 -40,1
KZTK 38 100,00 38 960,00 -2,2 +10,4 515,8 357,9 +44,1
CCBN 1 905,00 1 994,96 -4,5 +95,0 303,1 479,7 -36,8
KSPI 56 455,00 63 100,00 -10,5 +23,8 1 365,4 803,1 +70,0
--------------------------------------------------------------------
2024 жылдың қыркүйегі қорытындысы бойынша акциялар нарығын
капиталдандыру 31,5 трлн теңгені (65,7 млрд USD) құрады, бұл өткен
айдағы көрсеткіштен 1,5 трлн теңгеге немесе 4,5%-ға төмен.
----------------------------------------------------------------
30 сентября 29 августа Изм. Изм., %
----------------------- ----------- ---------- --------- -------
Капитализация, млрд KZT 31 492,57 32 971,77 -1 479,19 -4,5
Капитализация, млн USD 65 714,95 68 517,03 -2 802,08 -4,1
----------------------------------------------------------------
2024 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша акциялар нарығын
капиталдандыруды есептеу үшін өкілдік тізімге енгізілген акциялар
бағасының өзгеруі:
--------------------------------------------
Изменение цены /
Эмитент (дата последней сделки) Изм., %
------------ ----------------------- -------
"KM GOLD" АҚ 91,00 58,71 +55,0
(KMGD) (30.09.24) (29.08.24)
------------ ----------- ----------- -------
Kaspi.kz АҚ 56 455,00 63 100,00 -10,5
(KSPI) (30.09.24) (29.08.24)
------------ ----------- ----------- -------
"БАСТ" АҚ 8 100,00 8 944,99 -9,4
(BAST) (30.09.24) (29.08.24)
--------------------------------------------
* кестеде акциялар бағасының +/- 5 %-дан асатын өзгерістері келтірілген.
[2024-10-02]