30 қыркүйектен бастап "R-Finance" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00012271 (MFRFb15) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

30.09.24 17:43
/KASE, 30.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 27 қыркүйегінде "R-Finance" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00012271 (MFRFb15; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 3 жыл; құбылмалы ай сайынғы купон, айналым басталған күнге жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFRFb15/ [2024-09-30]