Қазақстан қор биржасында 30 қыркүйекте Қостанай облысы мен Ұлытау облысының әкімдіктері 2,3 млрд теңге тартты

30.09.24 17:24
/KASE, 30.09.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды: - Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001923 (KSK024_192; 1 000 теңге, 5 587 535 000 теңге; 30.07.24 – 30.07.26; жартыжылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) облигациялары 587,9 млн теңгеге; - Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002020 (UTK022_202; 1 000 теңге, 4 840 351 000 теңге; 18.09.24 – 18.07.26; жартыжылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 1,7 млрд теңгеге. Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында шығарылды. [2024-09-30]