01 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00011729 (MFSLb3) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

30.09.24 15:40
/KASE, 30.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 қазанынан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС (Алматы) KZ2P00011729 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFSLb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFSLb3/ [2024-09-30]