АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CFN65 (US_41_2409) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

30.09.24 10:22
/KASE, 30.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CFN65 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_41_2409; $42 989,0 млн; 30.09.22 – 30.09.24; жартыжылдық купон, жылдық 4,25%; actual/actual) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғанын хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2023 жылдың 12 сәуірден бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 19 шілдесінен бастап ашылды. [2024-09-30]