"GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00012230 (MFLGb4) облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

27.09.24 17:45
/KASE, 27.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 27 қыркүйегінде "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС (Шымкент) KZ2P00012230 (1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 1 жыл 3 ай; тоқсан сайынғы купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары баламалы алаңынның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару 2024 жылдың 19 тамызда 5,0 млрд теңге сомасына тіркелген "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып табылады. "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға MFLGb4 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-09-27]