/KASE, 25.09.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) акционерлердің кезектен тыс
жалпы жиналысын өткізу туралы KASE-ге хабарлама берді, онда былай деп
хабарланады:
дәйексөздің басы
"Эйр Астана" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Эйр Астана" АҚ немесе
"Қоғам"), атқарушы органының орналасқан жері – Қазақстан Республикасы,
050039, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 4А, осымен
2024 жылғы 15 қарашада өтетін Қоғам директорлар кеңесінің "Эйр
Астана" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы
шешімі жайында хабарлайды.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы "Акционерлік қоғамдар
туралы" Заңының (бұдан әрі – «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң) 35-37,
39-41, 43-47, 49-52-баптарына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының
жеке отырысын өткізбей, сырттай дауыс беру арқылы өткізілетін болады.
...
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:
1. Бұрын Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен
мақұлданған ірі мәмілеге өзгерістер енгізу және International Aero
Engines, LLC компаниясы, "FlyArystan" АҚ және "Эйр Астана" АҚ
("FlyArystan" АҚ Пайдаланушының жеке сертификатын алуына
байланысты) арасындағы Airbus A320neo отбасының әуе кемелері
паркін басқару бағдарламасы шеңберінде, PW1100G типті
қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсетуге құқықтар мен
міндеттемелерді беру туралы келісім жасасуға байланысты Қоғамның
мүдделілігі бар ірі мәмілені (өзара байланысты мәмілелер жиынтығын)
жасасуы жайында шешім қабылдау туралы.
дәйексөздің соңы
Полная версия извещения размещена:
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_meeting_250924_kz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_special_shareholders_meeting_info_151124_1.pdf –
орыс тілінде.
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_meeting_250924_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-09-25]