25 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CHL81 (US124_2506) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады

24.09.24 15:25
/KASE, 24.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 25 қыркүйегінен бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CHL81 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US124_2506; 4 41 994,0 млн; 30.06.23-30.06.25; жартыжылдық купоны, жылдық 4,625%, actual/actual) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда- саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/gsecs/show/US124_2506/ [2024-09-24]