23 қыркүйектен бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Bank RBK" Банкі" АҚ KZ2C00007979 (INBNb10) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

23.09.24 16:31
/KASE, 23.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Bank RBK" Банкі" (Қазақстан) АҚ KZ2C00007979 (INBNb10) облигацияларын олардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (23 қыркүйек – өтеу кезінде тізілім тіркелген күн). 2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 55 атаулы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша). Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2024-09-23]