23 қыркүйектен бастап "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00012185 (LZGRb8) және KZ2C00012193 (LZGRb9) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

23.09.24 11:59
/KASE, 23.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 19 қыркүйегінде "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) келесі облигациялары баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00012185 (LZGRb8; $1 000, $5,0 млн; 360 күн; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360); - KZ2C00012193 (LZGRb9; 1 000 тенге, 2,5 млрд тенге; 360 күн; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360). Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/LZGR/ [2024-09-23]