23 қыркүйектен бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00012206 (MFLGb2) және KZ2P00012214 (MFLGb3) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

23.09.24 11:54
/KASE, 23.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 19 қыркүйегінде "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС (Шымкент) келесі облигациялары баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2P00012206 (MFLGb2; 1 000 теңге, 600,0 млн теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 20,00 %; 30/360); - KZ2P00012214 (MFLGb3; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 20,00 %; 30/360). Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/MFLG/ [2024-09-19]