23 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ KZ2C00007854 (KZIKb37) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

20.09.24 16:40
/KASE, 20.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00007854 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты; KZIKb37; 1 000 теңге, 25,0 млрд теңге; 02.07.24-02.07.30; жартыжылдық купон, жылдық 4,05%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/KZIKb37/ [2024-09-20]