"Лизинг Групп" АҚ KZ2C00012185 (LZGRb8) және KZ2C00012193 (LZGRb9) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

19.09.24 17:21
/KASE, 19.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 19 қыркүйегінде "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) келесі облигацияларының баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00012185 ($1 000, $5,0 млн; 360 күн; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталады; 30/360); - KZ2C00012193 (1 000 тенге, 2,5 млрд тенге; 360 күн; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталады; 30/360). Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға сәйкесінше LZGRb8 және LZGRb9 қысқартылған белгілері (сауда кодтары) берілген. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2024-09-19]