20 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында JPMorgan Chase & Co. US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

19.09.24 15:56
/KASE, 19.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20 қыркүйегiнен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 04 қазанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, JPMorgan Chase & Co. (АҚШ) US46625H1005 ("KASE Global" секторы, JPM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 04 қазанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 07 қазанынан бастап қайта басталады. [2024-09-19]