18 қыркүйекте Ұлытау облысының әкімдігі Қазақстан қор биржасында өзінің KZMJ00002020 (UTK022_202) облигацияларын орналастыру арқылы 3,1 млрд теңге тартты

18.09.24 16:58
/KASE, 18.09.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002020 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UTK022_202; 1 000 теңге, 4 840 351 000 теңге; 18.09.24-18.07.26; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Орналастыру нәтижелері бойынша эмитент 3,1 млрд теңге тартты. Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/gsecs/show/UTK022_202/ [2024-09-18]