"Қазақстан Халық Банкі" АҚ өзінің US46627J3023, US46627J2033 (HSBKd) жаһандық депозитарлық қолхаттарын төлеу бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды

18.09.24 13:04
/KASE, 18.09.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамы ("Халық Банк" немесе "Банк") Банктің Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешіміне сәйкес өзінің жаһандық депозитарлық қолхаттарын (ISIN (Reg.S) US46627J3023, ISIN (144A) US46627J2033) ("ЖДҚ") сатып алу бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама 50 миллион АҚШ долларына дейінгі сомаға есептелген және Банк капиталының құрылымын оңтайландыруға бағытталған (төменде көрсетілген шекті мәндерді ескере отырып). Осы бағдарлама аясында Халық Банкі Citigroup Global Markets Limited-ке ("Citi") ЖДҚ сатып алу бойынша тәуекелсіз принципал ретінде әрекет етуді тапсырды, әрбір ЖДҚ Халық Банкінің акционерлік капиталында 40 жай акцияны білдіреді (атап айтқанда ЖДҚ-ның акцияларға арақатынасы 1:40). Citi ЖДҚ-ны Банк атынан жалпы 50 миллион АҚШ долларынан аспайтын сомаға сатып алады және әрі қарай ЖДҚ-ны қайтадан кері Халық Банкіне сатады. Бұл ретте сатып алынатын ЖДҚ-ның жалпы саны жоғарыда көрсетілген ЖДҚ-ның акцияларға арақатынасын (1:40) және 50 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі сатып алудың жалпы сомасын ескере отырып, Банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санының 1 %-ынан аспайды. Сатып алу жөніндегі барлық мәмілелер тиісті биржалардың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады және нарықта теріс пайдаланудың алдын алу мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеудің қолданылатын нормаларына жауап береді. Сатып алу бағдарламасы 2024 жылғы 18 қыркүйекте басталады және 2025 жылғы 18 қыркүйектен кешіктірмей аяқталады (жоғарыда көрсетілген шекті мәндер және лимиттер сақталған жағдайда). Бұл хабарландыру кез келген юрисдикцияда бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату туралы ұсыныс немесе өтініш емес, сонымен қатар оның бөлігі болып табылмайды. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_180924_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_180924_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_180924_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2024-09-18]