/KASE, 17.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 17 қыркүйегінен бастап Ұлытау облысының
жергілікті атқарушы органының KZMJ00002020 облигациялары (1 000 теңге,
4 840 351 000 теңге; 22 ай; жартыжылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360)
KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді.
Аталған облигацияларға UTK022_202 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру
шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/gsecs/show/UTK022_202/
[2024-09-17]