12 қыркүйектен бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00011877 (MFLGb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

12.09.24 17:27
/KASE, 12.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС (Шымкент) 2024 жылдың 11 қыркүйегінде KZ2P00011877 (MFLGb1; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 1,5 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 12 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFLGb1/ [2024-09-12]