"Арма-Сервис" ЖШС KZ2P00011786 (ARMAb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

12.09.24 10:57
/KASE, 12.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 11 қыркүйекте "Арма-Сервис" ЖШС (Орал) KZ2P00011786 (1 000 тенге, 1,1 млрд теңге; 5 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 19,75 %; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Көрсетілген облигациялар "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелері бойынша облигациялар шығарылымы болып табылады. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 13,75%, субсидияланбайтын бөлігі – жылдық 6% құрайды Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "Арма-Сервис" ЖШС қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ болып табылады. Аталған облигацияларға ARMAb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "Арма-Сервис" ЖШС қызметінің негізгі түрі – крандар мен вентильдер өндірісі. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-09-12]