"GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00011877 (MFLGb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

12.09.24 10:44
/KASE, 12.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 11 қыркүйекте "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС (Шымкент) KZ2P00011877 (1 000 тенге, 500,0 млн тенге; 1,5 года; еай сайынғы купон купон, жылдық 22,00 %; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару 2024 жылдың 19 тамызында тіркелген "Goldfinmarket" Ломбарды" ЖШС-нің 5,0 млрд теңге сомасына бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады. "Goldfinmarket" Ломбарды" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға MFLGb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС қызметінің негізгі түрі – жеке тұлғаларға кепілге микрокредиттер беру жөніндегі ломбардтық операциялар. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-09-12]