09 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП KASE ШЕТЕЛ ВАЛЮТАЛАРЫ НАРЫҒЫНДА ЖАҢА ҚҰРАЛДАРМЕН САУДА САТТЫҚТЫ БАСТАДЫ

09.09.24 10:26
/KASE, 09.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 қыркүйегінен бастап KASE-де EUR/USD валюталық жұптары бойынша EURUSD_0_001, EURUSD_0_002 және EURUSD_1_001 шетел валюталарымен операциялар бойынша сауда-саттық ашылғаны туралы хабарлайды. EURUSD_0_001 және EURUSD_0_002 құралдарымен KASE сауда-саттығы Астана қ. уақытымен 11:30-дан 15:30-ға дейін, EURUSD_1_001 – Астана қ. уақытымен 11:30-дан 17:00-ге дейін өткізілетін болады. Бұдан басқа, көрсетілген күннен бастап мынадай өзгерістер енгізілетін болады: - спот-нарықтағы EUR/USD валюта жұбы бойынша баға белгілеу дәлдігі үтірден кейін төрттен алты таңбаға дейін ұлғайтылды; - еуро, рубль және юаньға қатысты шетел валютасымен операциялар бойынша ашылу бағасы ретінде сауда-саттық өткізілген күнгі есеп айырысулармен жасалған мәмілелердің орташа сараланған бағасы (TOD) жасалған мәмілелердің орташа сараланған бағасы емес, сауда- саттық өткізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніндегі есеп айырысулармен (TOM) пайдаланылады. 2024 жылдың 09 қыркүйегінен бастап KASE ішкі құжаттарына тиісті түзетулер қолданысқа енгізіледі: - Валюталық своп операциялары мен шетел валютасымен жасалатын операциялардың ерекшелігіне № 2 өзгертулер мен толықтыру; - Сауда-саттық регламентіне және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысына № 19 өзгертулер; - Валюта нарығындағы сауда саттық тәртіптедмелері туралы қағидаға № 3 өзгерту және толықтыру. Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда- саттықтар" қалташасы). Сауда-саттық және клиринг регламенті мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/reglament/ [2024-09-09]