09 қыркүйектен бастап "Mogo Kazakhstan" МҚҰ" ЖШС KZ2P00011711 (MFMOb6) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

06.09.24 14:37
/KASE, 06.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 қыркүйегінен бастап "Mogo Kazakhstan" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00011711 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFMOb6; $100, $3,0 млн; 03.09.24 – 03.09.25; ай сайынғы купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. [2024-09-06]