/KASE, 06.09.24/ – "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ
(Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2024 жылдың тамыз айында
Қазақстанның өңдеу салалары мен қызмет көрсету салаларының S&P
Global PMI шолуларын ұсынды.
Төменде S&P Global Market Intelligence экономикалық мәселелер жөніндегі
директоры Эндрю Харкер мен S&P Global Market Intelligence экономисі
Мариам Балучтың пікірлері берілген.
- Қазақстанның өңдеу салаларының индексі бойынша:
"Тамыз айында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде жанданған сұраныс
байқалады. Бұл 2019 жылдың наурыз айында зерттеу басталғаннан бері
жұмыспен қамтудың рекордтық өсуіне және сектордың жағдайының
айтарлықтай жақсаруына әкелді. Өндірушілер арасында оның қазіргі
деңгейіндегі өсудің ұзақ мерзімділігіне қатысты кейбір күмәндар бар, бірақ
алдағы айларда біз кем дегенде тұрақтану арқылы өсу қарқыны қолайлы
деңгейде сақталады деп үміттенеміз".
- Қазақстанның қызмет көрсету саласының индексі бойынша:
"Жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның қызмет көрсету саласы әлсіреу
белгілерін көрсетіп отыр: сұраныс азайып келеді, ал компанияларға
белсенділікті арттыру қиынға соғады.
Алайда, егер жаңа тапсырыстар санының азаюы алдағы айларда тоқтап
қалса, бұл жыл соңына дейін белсенділіктің өсуіне көмектеседі. Сондай-ақ,
баға қысымы өткен аймен салыстырғанда аздап өскенімен, бақылауда
қалады деп айту керек. Инфляцияның әлсіреуі өнімділікті арттыруға да
пайдалы болады. Сонымен, қазақстандық қызмет көрсетушілер алдағы
жылға арналған белсенділікті бағалау кезінде жоғары оптимизм көрсетті".
Шолулар KASE интернет-ресурсында жарияланды:
-
https://kase.kz/ru/pmi-indicator/ – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/en/pmi-indicator/ – ағылшын тілінде.
[2024-09-06]