/KASE, 04.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
05 қыркүйегінен бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00011863
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb52;
1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 03.09.24-03.09.27; жылдық купон, жылдық
14,30%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын
хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRb52/
[2024-09-04]