05 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZ2D00011863 (EABRb52) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

04.09.24 16:41
/KASE, 04.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 05 қыркүйегінен бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00011863 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb52; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 03.09.24-03.09.27; жылдық купон, жылдық 14,30%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRb52/ [2024-09-04]