"Эйр Астана" АҚ 27 тамыз бен 02 қыркүйек аралығында өз бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелер туралы ақпарат берді

03.09.24 16:53
/KASE, 03.09.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 03 қыркүйегіндегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "Эйр Астана" АҚ (бұдан әрі - "Қоғам") 2024 жылғы 30 сәуірде жарияланған Акциялар мен ҒДҚ-ды сатып алу бағдарламасына сәйкес ("Бағдарлама") Қоғамның жай акцияларының ("Акциялар") және Акцияларға қатысты құқықтарды куәландыратын ғаламдық депозитарлық қолхаттардың ("ҒДҚ") төменде көрсетілген санын "Halyk Finance" АҚ арқылы 2024 жылдың 27 тамыз және 2 қыркүйек аралығында (бұдан әрі – "есеп беру кезеңі") сатып алу туралы хабарлайды. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастылды: - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_030924_3.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_030924_2.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_030924_1.pdf – ағылшын тілінде. [2024-09-03]