/KASE, 03.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың
05 қыркүйегінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
МЕУКАМ KZKD00001160 (MUM096_0012) мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 26 681 769 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 90,2565 % (кірістілігі – жылдық 13,37%) деңгейінде
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға
номиналдан 90,3957 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,33%).
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 қыркүйекте болатын
және өтеуге дейінгі мерзімі 4,9 жыл KZKD00001160 (MUM096_0012)
МЕУКАМ орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама
сауда-саттық өткізіледі" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1528609/
[2024-09-03]