03 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 қыркүйекте болатын МЕУКАМ KZKD00001244 (MUM084_0019) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

03.09.24 15:20
/KASE, 03.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 05 қыркүйегінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ KZKD00001244 (MUM084_0019) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 18 986 316 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 93,7995 % (кірістілігі – жылдық 13,45%) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 93,8617 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,43%). Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 қыркүйекте болатын және өтеуге дейінгі мерзімі 6,5 жыл KZKD00001244 (MUM084_0019) МЕУКАМ орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1528607/ [2024-09-03]