"BCC Invest" АҚ-ның жалғыз акционері компанияның жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы шешім қабылдады

29.08.24 10:51
/KASE, 29.08.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы, тақырыбында – "BCC Invest" АҚ) жалғыз акционердің 2024 жылдың 16 тамызындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Жалғыз акционер, оның ішінде компанияның жарияланған жай акцияларының санын 13 363 761 847-ден 100 000 000 000 данаға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BCCI/bcci_decision_sole_160824_24.pdf [2024-08-29]