28 тамыздан бастап жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымы KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

28.08.24 17:17
/KASE, 28.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 28 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына жергілікті атқарушы органдардың мынадай облигациялары енгізілді: - Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002004 (1 000 теңге, 2 000 000 000 теңге; 22 ай; жартыжылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360), сауда-саттық коды– AIK022_200; - Ақмола облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002012 (1 000 теңге, 3 375 467 000 теңге; 22 месяца; жартыжылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360), сауда-саттық коды – AKK022_201. Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/gsecs/ [2024-08-28]