KASE Листингілік комиссиясы "Интергаз Орталық Азия" АҚ KZ2C00011856 (INCApp1) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

27.08.24 17:45
/KASE, 27.08.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 27 тамызында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) KZ2C00011856 (1 000 теңге, 6,0 млрд теңге, 10 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 9,25%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға INCApp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-08-27]