27 тамыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 29 тамызда болатын МЕУКАМ KZKD00000758 (MUM156_0005) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

27.08.24 15:16
/KASE, 27.08.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 29 тамызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ KZKD00000758 (MUM156_0005) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 20 893 862 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 86,7614 % (кірістілігі – жылдық 13,40%) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 86,9631 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,30%). Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 29 тамызда болатын және өтеуге дейінгі мерзімі 2,8 жыл KZKD00000758 (MUM156_0005) МЕУКАМ орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1528278/ [2024-08-27]