/KASE, 26.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 26 тамызынан
бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын
есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Банк ВТБ (Казахстан)" АҚ
KZ2D00006525 (BVTBb7) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына
байланысты алып тастады (26 тамыз – өтеу кезінде тізілімді тіркеу күні).
2024 жылдың 26 тамызынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік
тізімі 51 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – корпоративтік облигациялардың олар бойынша жинақталған сыйақыны
есепке алмағанда олардың бағалары бойынша есептелетін баға индексі ("таза"
бағалар бойынша).
Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-саттық
нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланды
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2024-08-26]