/KASE, 23.08.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана)
KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 23 тамызындағы баспасөз мәлімдемесінде
былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»),
Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы тәуелсіз аудитордың аралық
қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері есебімен, 2024 жылғы 30
маусымда аяқталған үш және алты айдағы 34 «Аралық қаржылық есептілік»
халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес
дайындалған қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржылық есептілікті
жариялады.
2023 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 2024 жылдың
бірінші жартыжылдығындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер:
- Түсім 3 943 млрд теңгемен (8 727 млн АҚШ доллары) салыстырғанда
4 239 млрд теңгеге (9 440 млн АҚШ доллары) жетті;
- EBITDA көрсеткіші 1 115 млрд теңгемен (2 469 млн АҚШ доллары)
салыстырғанда 977 млрд теңгені (2 175 млн АҚШ доллары) құрады;
- Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың
пайдасындағы үлесті қоса алғанда, компанияның таза пайдасы 488 млрд
теңгемен (1 081 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 550 млрд теңгені
(1 224 млн АҚШ долларын) құрады.
- Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың
пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда 2 263 млрд теңгемен (583
млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 591 млрд теңгені (1 316 млн АҚШ
доллары) құрады;
- Бос ақша ағымы 217 млрд теңгемен (480 млн АҚШ долларымен)
салыстырғанда, 604 млрд теңгені (1 345 млн АҚШ долларын) құрады;
- 2024 жылғы 30 маусымдағы жалпы қарыз 2023 жылғы 31 желтоқсандағы
3 757 млрд теңге (8 265 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен
салыстырғанда, 4 009 млрд теңгені (8 502 млн АҚШ долларын) құрады;
- 2024 жылғы 30 маусымдағы Компанияның таза қарызы 2023 жылғы
31 желтоқсандағы 1 645 млрд теңге (3 620 млн АҚШ доллары)
деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 1 573 млрд теңгені (3 337 млн
АҚШ долларын) құрады.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_230824_kz_1.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_230824_1.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_230824_en_1.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-08-23]