/KASE, 23.08.24/ –бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған Kaspi.kz АҚ (Алматы) 2024 жылдың 21 тамызында
өткен акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы
KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде, 2024 жылдың екінші тоқсанында бір акцияға
850 теңге мөлшерінде жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы
шешім қабылдады. Дивидендтер төлеудің басталу күні – 2024 жылдың
21 тамызы.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KSPI/kspi_special_shareholders_meeting_results_210824_231.pdf
[2024-08-23]