/KASE, 20.08.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Қазхром "Трансұлттық компаниясы" АҚ (Ақтөбе)
2024 жылдың 12 тамызында өткен акционерлердің жылдық жалпы
жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2023 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2023 жылдағы 197 333 291 мың теңге мөлшеріндегі таза
табысы бөлінбесін;
- жай акциялар бойынша 2023 жылға дивидендтер есептелмесін және
төленбесін.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KZCR/kzcr_special_shareholders_meeting_results_120824_13.pdf
[2024-08-20]