19 тамыздан бастап "BASS Gold" ЖШС KZ2P00011778 (FPSTb5) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

19.08.24 17:54
/KASE, 19.08.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 19 тамызында "BASS Gold" ЖШС (Ұлытау облысы) KZ2P00011778 (FPSTb5; $100, $10,0 млн; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 19 тамызынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/FPSTb5/ [2024-08-19]