"BASS Gold" ЖШС KZ2P00011778 (FPSTb5) облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

19.08.24 15:25
/KASE, 19.08.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылғы 19 тамызда "BASS Gold" ЖШС (Ұлытау облысы) KZ2P00011778 ($100, $10,0 млн; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға FPSTb5 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-08-19]